Антициклон бүкіл Қазақстанды "басып алды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 18-20 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Антициклон бүкіл Қазақстанды "басып алды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 18-20 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Метеорологтардың хабарлауынша, Қазақстанды "басып алған" антициклонның әсерінен елімізде алабұлтты, аптап ыстық әрі жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасты. Мысалы, өткен 17 маусымға қараған түні республиканың бірде-бір метеостанциясында жауын-шашын тіркелген жоқ.
"Алдағы үш тәулікте де ауа райында аса қатты өзгеріс болмайды. Ауа температурасы климаттық нормадан 2-7 градусқа жоғары болады. Тек солтүстік аймақ атмосфералық фронттардың, ал республиканың шығысы жоғары циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауады", - деп болжады мамандар.