Синоптиктер 2017 жылғы 19-21 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2017 жылғы 19-21 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Мамандардың болжамына қарағанда, ғарыштық түсірілімдерден Қазақстанның үстінде суық фронттардың белсенді бұлтты массиві байқалған. Жақын тәулікте республиканың көптеген облыстарында онымен байланысты болатын жаңбыр, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде күштірек жауын байқалады екен.
"Суық фронттың ту сыртынан Кавказ ауданынан антициклон таралады, онымен байланысты республика аумағында жауын-шашынның тоқтап, температураның төмендеуі күтіледі. Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймақтарынан Батыс Сібірге қарай кезекті циклон жылжып келеді. Ол Қазақстаннан алыс орналасқан болса да, оған кіретін арктикалық атмосфералық фронттар жүйесі 20-21 қазан аралығында республиканың батыс және солтүстік облыстары арқылы жылжитын болады, олар көбінесе жаңбыр түріндегі жауын-шашын тудырады", - дейді мамандар.
Сонымен қатар, синоптиктер Астанада және үш облыста күшті жел тұрып, жауын-шашын болатынын ескертті.
"19 қазанда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел сақталады. 19-21 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласы: күндіз 19, тәулік бойы 20 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі", - делінген ескертуде.
Сондай-ақ, 19 қазанда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады екен. Солтүстік-батыс желі 15-20, күндіз кей жерлерде 23 м/с күтіледі.