22 қыркүйек 2015 | 11:27

Ауа райы: Батыста 33 градус ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Синоптиктер 24 қыркүйекке дейінгі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 24 қыркүйекке дейінгі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Иран аудандарынан келетін жылы ауаның әсерінен Қазақстанның батыс облыстарында ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріледі, ол нормадан 7-10 градусқа жоғары.

"Оңтүстікте жауын-шашынсыз болады, бірақ ауа массалары солтүстік-батыстан келетіндіктен, ауа температурасы төмен, таяудағы үш тәулікте орташа көп жылғы мәнге жақын болады деп күтіліп отыр. Республиканың қалған аумағы Орал аудандарынан жылжитын суық атмосфералық фронттардың аясында болады. Соның әсерінен кей жерлерде жауын жауып, түнде тұман түсіп, күн ашылғаннан кейін ауа температурасы үсік жүргенге дейін төмендейді", - дейді метеорологтар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер ауа температурасының төмендеуіне байланысты Қазақстанның алты өңірінде ескерту жариялаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети