Қазақстанда 23-25 қараша күндері аяз болады. Бірқатар облыста 30 градус аяз түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Осыған байланысты республиканың кейбір өңірлерінде төтенше ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, 23 қарашада Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында қар жауып, жел тұрады, оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді. Бұл облыстарда 24 қарашада түнде ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 33 градус аяз болады.
"Шығыс Қазақстан облысында 24 қарашада қар жауып, жел тұрады, оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді. 25 қарашада ауа температурасы 25-30, кей жерлерде 30 градус аяз болады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Еске сала кетейік, метереологтардың мәліметінше, 2013-2014 жылдарға қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суығырақ болады. Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын шашынға өзгеріп отырады. Ал нағыз тұрақты қалың қар жамылғысы бар дәстүрлі қыс айдың үшінші онкүндігінде келетіні айтылды. Метеорологтар желтоқсанды аумалы-төкпелі болатынын - қоңыр салқын суық - шығыс бөлікте, ал жылы ауа елдің батыс бөлігінде болатынын айтты.