02 қазан 2015 | 15:13

Ауа райы: Демалыс күндері қарға ұласатын жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда демалыс күндері қарға ұласатын жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қазақстанда демалыс күндері қарға ұласатын жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер мұны меридионалды синоптикалық процесстердің басым болуымен түсіндіріп отыр. "Қазақстанда температураның анағұрлым айырмашылығына әкеп соққан қыркүйек айы аяқталды. Ол үшінші онкүндікте ерекше бақыланды, республиканың батыс бөлігінде температура аномалиясы нормадан 4-7 градусқа жоғары болды, ал шығыс бөлігінде сол 4-7 градусқа төмен болды", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК өкілдері.

Сонымен қатар, олардың айтуынша, осы ауысым нәтижесінде қазан айының басында осындай ендік айырмашылықтарға меридионалды процестер болмайды. Айтуларынша, өткен тәуліктерде Қазақстанның көптеген облыстарында температураның аномалиясы нормадан 1-3 градусқа жоғары болды. "Жақын арадағы үш тәулік Ресейдің Еуропа аумағынан ауысатын атмосфералық фронттардың ықпалында, республикада жаңбыр күтіледі, солтүстік облыстарда олар жабысқы қарға ауысуы мүмкін, батыс желі секундына 15-22 метр жылдамдыққа дейін күшеюі және температура аздап төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 28 қыркүйекте Алматы тауларына алғашқы қар жауған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети