Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Батыс Сібірді жайлаған, циклонға байланысты қалыптасқан, суық атмосфералық фронт - таяу арадағы екі тәулікте Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында найзағайлы және екпінді желі бар өткінші жаңбыр жаудырады", - делінген хабарламада.
Ал республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында, синоптиктердің болжамына қарағанда, жоғары атмосфералық қысым аясының әсерінен ыстық және жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек Алматы облысының таулы аудандарында ғана өткінші баяу жаңбыр жауып өтеді.