Ауа райы: Жаздың жылуы қайта келе жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Жаздың жылуы қайта келе жатыр © ilovealmaty.kz

Синоптиктер 2015 жылдың 5-7 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2015 жылдың 5-7 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" кәсіпорнының мамандарының болжамына қарағанда, елімізге жаздың жылуы қайта келе жатыр. "Қазақстандағы түнгі ызғарлар мен күзгі жауындардан кейін жазғы жылу орын алмақ. Тропосферада үстемдік жасап тұрған солтүстік желдер ақырындап оңтүстік батысқа ауысады. Солармен бірге Алдыңғы Азия аудандарынан, жылы тіпті ыстық ауаның келуі күтіледі", - дейді синоптиктер.

Ауа температурасының анағұрлым көтерілуі еліміздің оңтүстігі мен батысында сезіледі. Бұл жерлердегі максималды температура 28-36 градусқа дейін жетеді. Сонымен қатар, мамандандың пікірінше, еліміздің басқа да аумақтарында күндізгі сынап бағанасы 23-28 градусты, ал кей жерлерде 32 градусты көрсетеді. Дегенмен солтүстік, орталық және шығыс облыстардың біраз жерлерінде, түнгі ызғар болуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети