Қазіргі жылы күндер аязды ауа райына өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" сайтына сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамынша, солтүстіктегі түнгі ауа температурасы 25-33 градусқа дейін төмендейді.
Қазіргі жылы күндер аязды ауа райына өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" сайтына сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамынша, солтүстіктегі түнгі ауа температурасы 25-33 градусқа дейін төмендейді.
"Орташа климаттық нормадан 8-18 градусқа жоғары болған ерекше жылы күндер қысқы қалыпты ауа райына өзгереді. Жерорта теңізінен келген жылы циклон шығысқа қарай ауысады, ал оның артынан Қазақстан аумағына арктикалық ауа массалары таралады", - делінген хабарламада. Олардың әсерінен 10-12 қаңтар күндері тек солтүстікте (түнде - 25-33 градус аяз) ғана емес, оңтүстік облыстарда да ауа температурасы төмендейді - 10-20 градус аяз болып, қар жауады, желдің жылдамдығы артып, боран соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" кәсіпорны 7-11 қаңтар күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының жайсыз болатынын ескерткен еді. 9 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады, оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасының Қостанай, Ақтөбе облыстарында 9 қаңтар күні, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 10 қаңтар күні, Шығыс Қазақстан облысында 11 қаңтар күні түнде 23-28 градус, кей жерлерде 33 градус аязға дейін төмендейтіні хабарланған болатын.