Қазақстанда алдағы демалыста күн салқындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Қазақстанда алдағы демалыста күн салқындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстандағы ауа райының салқындығы тропосфералық солтүстік және солтүстік-батыс ауа ағындарына байланысты. Олармен бірге Ресейдің Еуропалық аумағының солтүстік аудандарынан және Оралдан республика аумағына суық және дымқыл ауаның келуі жалғасып жатыр. Алдағы үш тәулікте облыстардың көпшілігінде ауа температурасы орта көпжылдық мәнінен 3-8 градусқа төмен, ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарда бүгін түнде суық болады.
Айта кетейік, Қазақстанда салқын ауа райы тамыз айының бірінші, екінші онкүндігінің соңында және үшінші онкүндіктің ортасында күннің суытатыны хабарланған еді.