05 қаңтар 2016 | 13:41

Ауа райы: Қазақстанда алдағы күндерде қар жауып, бұрқасындатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 5 және 6 қаңтарда қар жауып, бұрқасындатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 5 және 6 қаңтарда қар жауып, бұрқасындатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың барлық территориясында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райы тұрақсыздығы сақталады, бұрқасындатып, оңтүстік-шығыста жауын-шашынды, кей жерлерде күшті жел тұрады. 

"Қазақстанның оңтүстік-шығысының кей жерлерінде мұзтайғақ, тұман болады. Республиканың батысында ауа температурасы түнде 10-20 градустан 5-15 градусқа дейін суытады, күндіз 0-8 градус аяз; солтүстікте, шығыста 10-30, күндіз 10-20 градусқа дейін суытады; орталықта түнде аяз 0-18 градустан 10-23 градусқа дейін күшейеді , күндіз 3-12 градустан 7-15 градусқа дейін аяз болады", - деп хабарлады елдің метеоқызметіндегілер.

Қазгидромет өкілдерінің айтуынша, Алматыда 5 қаңтарда жауын-шашын түсіп, қар жауып, тұман түсіп, 6 қаңтарда күн ашық болады. Түнде ауа температурасы 0-2 градус суық, күндіз 0-2 градус жылы, 6 қаңтарда түнде 2-4 градус суық, ал күндіз 2-4 градус жылы болады.

Ал Астанада 5 қаңтарда қар жауып, бұрақсындатады, 6 қаңтарда қар жауады. Түнде ауа температурасы 16-18, күндіз 13-15 градус суық, 6 қаңтарда түнде 24-26 градус, күндіз 19-21 градус аяз түседі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети