Ауа райы: Қазақстанда алдағы үш күнде аптап ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Қазақстанда алдағы үш күнде аптап ыстық болады © rzn.info

Қазақстан аумағында алдағы демалыс күндері аптап ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. 


Қазақстан аумағында алдағы демалыс күндері аптап ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. 

"Тропосферада орналасқан ауа массаларын оңтүстік-батысқа көшіру республиканың батыс облыстарына аномальді ыстық ауа райын әкелді", - делінген "Қазгидромет" кәсіпорнының хабарламасында.

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы үш тәулікте Алдыңғы Азия аудандарынан ыстық ауа Қазақстанның барлық аумағына таралады: батыста және оңтүстікте күндізгі температура +35-41 градусқа дейін, солтүстік және орталықта +28-35 градусқа дейін көтеріледі. Тек республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарына Батыс Сібірден салқын ауа келеді. Сондықтан мұнда кей жерлерде өткінші найзағайлы жаңбыр, бұршақ жауады, ал температура орташа көп жылғы мәннен 1-3 градусқа төмен болады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның батысында ғана аптап ыстық болатыны хабарланған болатын. Осыған байланысты синоптиктер ескерту жариялады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети