Қазақстанда үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 3-5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жария етті.
Қазақстанда үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 3-5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, үсік еліміздің солтүстігі мен орталық облыстарында жүреді. Алайда бұл қалған өңірде шіңілтір ыстық болады дегенді білдірмейді.
"Суық атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы әлі де өтіп жатыр. Соның әсерінен жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Кеше ғана шығыс және оңтүстікте жауын-шашынсыз, 30-35 градус ыстық болса, ертең, 3 қыркүйекте жауын жауып, күн суытады деп күтіліп отыр", - дейді мамандар.
Айта кетейік, мұндай ауа райы 5 қыркүйекке дейін сақталады. Республикамыздың басым аумағында ауа райы бұлтты, жауын-шашынды болады. Солтүстік пен орталықта түнгі уақытта үсік жүреді деген болжам бар.