Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ауа райы: Қазақстанға Ресейдің солтүстік-батысынан циклон келе жатыр

05 Қазан 2015, 16:21
0
© meteoprog.ua
© meteoprog.ua

Қазақстанға Ресейдің солтүстік-батысынан циклон келе жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың оңтүстігінде және шығысында осы аумаққа жылжитын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады және аздаған суықтан кейін күн қайта жылынады. 

"Демалыс күндері өткен жаңбыр, шаңды дауылға қарамастан, Қазақстанның ауа температурасы климаттық нормадан 1-3, оңтүстік және шығыста 3-8 градусқа жоғары. Қазақстанның батысында және солтүстігінде жақын арадағы екі тәулікте жылу және жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік-батыс аудандарынан жылжитын циклон 8 қазан жаңбыр әкеледі, түнгі уақытта қар жауып, күн суытады", - дейді метеорологтар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда қазан айында ауа райының құбылмалы болатыны хабарланған еді. Синоптиктердің мәлімдеуінше, қазан айының алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның ықпалында болады, осыған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай