27 мамыр 2015 17:22

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ria.ru © ria.ru

Синоптиктер 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Синоптиктер 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жаздағыдай ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы орнады. Орташа көпжылдық мәннен 3-7 градусқа жоғары күндізгі температура 30-35 градусқа дейін, кейбір жерлерде 38 градусқа жетті. Бірақ антициклонның әсерінен республиканың басқа аймағында да жылы, күндіз ауа температурасы 20-30 градус, ал оңтүстік-шығыста 35 градусқа дейін жылынады, ол нормадан 2-4 градусқа жоғары, жекелеген аудандарда өткінші жаңбыр болуы мүмкін.

"Тек шеткі шығыс аудандар Батыс Сібір аудандарынан келетін ауа райымен бірге жоғары жылғаларға байланысты суық арктикалық фронт әсерінде болады. Алдағы үш тәулікте Қазақстанның шығысында найзағай мен өткінші жаңбыр болады және осы кезеңге дағдылы температураның 2-5 градусқа төмен болуы күтіліп отыр", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда бұршақ жауды. Ауа райы түстен кейін бұзылды. Әлеуметтік желіні қолданушылар суреттерді жариялады. Алғашқы хабарламалар қаланың оңтүстік-батысында тұратын қолданушылардан түсе бастады, олар жаңбыр араласқан бұршақтың жауғанын хабарлады. Бұл кезде қаланың шығыс бөлігінде құрғақ болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети