Синоптиктер 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктер 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте ауа райы айтарлықтай өзгермейді. Бұрынғыдай батыс облыстарына Иран аудандарынан жылы ауалары келеді, температура 27 - 33 градус болады. Бұл орташа көпжылдық мәннен 7-10 градусқа жоғары.
"Суық және ылғалды ауа атмосфералық фронттармен арктикалық аудандардан келіп жатыр. Сонымен бірге солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жаңбыр жауады және түнгі температураның төмендеуі күтіледі, шығыста жаңбыр сулы қарға ұласады. Температура нормадан 1 градус төмен болады. Оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмаса да, қалыпты температурадан 1-2 градусқа суық болады.