Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар аймағында күн салқындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 25-27 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауып, температураның салқындауы күтіледі.
"Өткен аптада Қазақстандағы ауа температурасы көпжылдық көрсеткіштен 3-10 градусқа жоғары болса, осы демалыс күндері ол көрсеткіштер 3-5 градусқа төмендеді. Міне енді алдағы үш күнде Урал мен Батыс-Сібір аумақтарынан ығысып келген суық атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің барлық дерлік аумақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 13-20 метрге жетеді, ауа температурасы климаттық өлшем бойынша 3-6 градусқа төмен күйінде сақталады", - деп жазылған кәсіпорын хабарламасында.