Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде жаңбыр жауады және бұршақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті.

"Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында жоғары циклон әсер ететін болады, онымен бірге өткінші жаңбыр, таулы және тау бөктері аудандарында қатты, кей жерлерде бұршақ жауып, дауылды жел тұруы мүмкін", - дейді метеорологтар.
Синоптиктердің мәліметінше, жоғары барийлі жота және жерге жақын қабаттағы антициклонның әсерінен Қазақстанның батыс бөлігінде шектен тыс ыстық ауа-райы сақталады. Кейбір аудандарда өткінші жаңбыр жауатынына қарамастан, ыстықтың төмендеуі немесе бәсеңдеуі болмайды.