08 мамыр 2015 | 14:55

Ауа райы: Қазақстанның солтүстігінде 3 градусқа дейін суық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixnet.ru © pixnet.ru

Синоптиктер алдағы мереке күндерінің ауа райына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы мереке күндерінің ауа райына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына батыстан келген циклон республиканың көптеген облысына жаңбыр әкелді. 9 мамыр оның әсері өзгеріссіз қалады, ал онымен бірге найзағайлы және екпінді желі бар өткінші жаңбыр сақталады.

"Температура төмендейді, бірақ орташа көпжылғы мәнге жақын болады, кейінгі екі күнде, яғни демалыс күндері батыс, солтүстік және шығыс облыстарда фронттардың ықпалымен жаңбыр әлі де жауады, күн суытады және 11 мамыр күні түнде солтүстік облыстарда температура кей жерлерде 0-3 градусқа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігінде және орталығында 11 мамыр жауын-шашын болмайды, күндіз ауа райы оңтүстік облыстарда қайта 25-33 градусқа дейін жылынады", - деп хабарлады метеорологтар.

Айта кетейік, қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады. 1 мамырда - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамырда - Отан қорғаушылар күні және 9 мамырда Жеңіс күні. Жеңіс мерейтойы осы жылы демалыс күніне түседі, сондықтан Қазақстан заңнамасына сәйкес, 9, 10 күндерден бөлек, 11 күні - дүйсенбі демалыс саналады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети