16 ақпан 2015 | 14:18

Ауа райы: Наурыз айының басында күн суық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстанға көктемнің қашан келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Қазақстанға көктемнің қашан келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Наурыз айының басы өте суық болады. Солтүстік өңірлерде айдың үшінші онкүндігіне жылы бола бастайды. Бұл Қазақстанның барлық аумағы бойынша", - деп хабарлады "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші инженері Айгүл Мыңжанова.

Оның айтуынша, наурыз - аумалы-төкпелі ай. "Республиканың барлық аумағында қарға ұласатын жаңбыр жауады, жылымық суық ауамен ауысып отырады, ал солтүстік, шығыс және солтүстік-шығыс өңірлерде ай басында аязды және қарлы ауа райы болып, жел тұрады, сонымен қатар республиканың барлық дерлік аумағындағы жолдарда тұман мен көктайғақ болады", - деді Мыңжанова.

Синоптиктердің алдын ала болжамына қарағанда, наурызда Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында ауаның орташа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары болады деп жоспарланған. Қалған аумақтарда ауаның орташа температурасы нормамен шамалас болады. Ал солтүстік, солтүстік-шығыс өңірлерде, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарындағы тау етектерінде айлық жауын-шашын көлемі нормадан жоғары болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети