Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ауа райы: Оңтүстік пен батыста 38 градусқа дейін ыстық болады

25 Мамыр 2015, 11:45
0
© rzn.info
© rzn.info

Синоптиктер 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарында орналасқан циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар таяуда Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысады және алдағы уақытта шығысқа кетеді. Шығыс облыстарында онымен бірге жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауады. Сонымен қатар, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

"Қалған аумақта найзағайлы өткінші жаңбыр жауады. Циклоннан кейін республикаға жоғары атмосфералық қысым аясы таралады, бірақ тропосферада қысым жырасының ықпалы сақталады, сондықтан республиканың кей жерлерінде найзағайлы өткінші жаңбыр сақталады, бірақ олар жаздағыдай жылы болады. Қазақстанның оңтүстігінде және батысында жауын-шышынсыз және ыстық болады деп күтіліп отыр, күндізгі температура 30-35, ал оңтүстік-батыста 38 градусқа дейін жоғарылайды", - делінген кәсіпорын хабарламасында.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай