Синоптиктер 2016 жылдың 2-4 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктер 2016 жылдың 2-4 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның солтүстік облыстарына қарай ығысқан антициклон, түнгі мезгілдері ауа температурасының төмендеуі мен кей жерлерінде үсік жүруіне әкелді. "Алдағы екі тәулікте оның әсері сақталады. Ал, Қазақстанның басқа аумақтары атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Оның әсерінен кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр, екпінді жел, жекелеген аудандарда бұршақ болуы мүмкін. Ауа температурасы көпжылдық климаттық норма деңгейінде болады. Ал солтүстікте ол межеден төменірек", - делінген хабарламада.
Ал осыған дейін синоптиктер маусым айында елімізде қандай ауа райының күтілетінін айтқан болатын.