27 қаңтар 2018 | 17:23

Ауа райы: Синоптиктер 28 қаңтарда қай облыстарда қатты аяз болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© thinglink.com © thinglink.com

Ертең, 28 қаңтарда Қазақстанның бірқатар облысында қатты аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ертең, 28 қаңтарда Қазақстанның бірқатар облысында қатты аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 28 қаңтар күні қатты аяз болады.

Сондай-ақ, метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның ауа райын әлі де антициклон анықтайды. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі және боран соғады.

"Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі  күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдерінде желдің екпіні секундына 18-23 метр болып, түнде кей жерлерінде тұман түседі", - деп ескертті мамандар.

Сонымен қатар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Атырау, Ақтөбе облыстарының да кей жерлерінде түнде жел күшейеді. Павлодар, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау және Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети