Қазақстанның оңтүстігіндегі төрт өңірде үсік сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.
Қазақстанның оңтүстігіндегі төрт өңірде үсік сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, 10 сәуірде түнде Қызылорда облысында, 9-11 сәуірде түнде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік сақталады. Сонымен қатар, 11-12 сәуірде түнде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Ықтималдылық - 90-95 пайыз.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер дауылды ескерту жариялап, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында үсік жүретінін хабарлады.
Сонымен қатар, мамандар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашын болжамына байланысты қардың еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуіне және судың өзен жайылмасына шығуына (су басуға) байланысты ескерту жариялаған болатын. Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, жергілікті және баурайлы ағынның қалыптасуы, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басуы күтілетінін ескертті.