Ауа райы: Таяу күндері 5 градусқа дейін суық болады

06 Сәуір 2016, 11:46
0
Ауа райы: Таяу күндері 5 градусқа дейін суық болады - © Pagodavmire.ru
© Pagodavmire.ru

Синоптиктер таяу күндері елімізде ауа райының тосын мінез танытатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы жылжыған салқын атмосфералық фронттар, еліміздің көптеген облыстарына жауын-шашын, солтүстікке сулы қар, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аудандарына күшті жауын-шашын алып келеді.

"Атмосфералық фронттардың артынан Еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарымен қалыптасқан антициклон жылжып келе жатыр. Осыған байланысты республиканың батысы мен солтүстігінде температураның төмендеуі күтіледі, түнде 0-5 градус суық, күндіз 0-8 градус жылы, оңтүстік жартысында түнде 0-8 градус жылы, ал күндіз 8-15 градус жылы болады", - дейді метеорологтар.

Айта кетейік, мұндай температура орташа көпжылдық мәнге жақын және кей жерлерде 1-3 градусқа төмен болады дегенді білдіреді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай