30 наурыз 2015 | 16:32

Ауа райы: Таяу тәуліктерде де күн суық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©eer.ru ©eer.ru

Синоптиктер қолайсыз ауа райының әлі де сақталатынын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер қолайсыз ауа райының әлі де сақталатынын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметінше, таяу күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қар жауып, мұзтайғақ болады. Сонымен қатар, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ал еліміздің шығысында боран тұрады. 

"Наурыз айының соңғы күндері Қазақстанда қар жауып, боран тұрды, жексенбі күні ауа температурасы климаттық нормадан 6-14 градусқа төмен болды. Солтүстік және батыс облыстарына суық антициклон ауысты, ол алдағы тәулік ішінде республиканың барлық аумағын қамтиды және оның ықпалымен ауа температурасы нормадан төмен болады", - деп хабарлайды синоптиктер.

Еске сала кетейік, бұған дейін 28-30 наурыз аралығында елімізде күннің суытатыны хабарланған болатын. "Фронттардың шығыс және оңтүстік-шығысқа қарай ақырындап ығысуынан республиканың солтүстік жартысында қар жауады және желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, кей жерлерде бұрқасын болып, түнгі ауа температурасы 18-28 градусқа дейін төмендейді", - деп болжады мамандар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети