Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Ауа райы: Таяуда еліміздің оңтүстігінде күн ыстық болады

08 Сәуір 2015, 15:31
0
© errorpersonnotfound6.blogspot.com
© errorpersonnotfound6.blogspot.com

Таяу күндері еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде жылуы мен ылғалы мол Қаратеңіздік циклон Батыс Сібірге қарай ығысады. Осыған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік және орталық аумақтарына жауын-шашын, көбінесе жаңбыр әкеледі.

"Еліміздің солтүстік бөлігінде түнгі уақыттарда қарлы жаңбыр жауады. Күндізгі температура жауын-шашынға қарамастан 5-10 градустан 13-18 градусқа дейін көтеріледі. Еліміздің шығыс және оңтүстік аумақтары әлі де антициклон әсерінде болады. Бұл жерлерде жауын-шашынсыз жылы күндер сақталады. Сонымен қатар оңтүстікте бірнеше күн бойы ауаның қызуы 15-22 градусқа көтеріледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 7-9 сәуір аралығында жауын-шашын болып, кейбір аудандарда қардың жауатыны ескертілді. Синоптиктер еліміздің оңтүстігі циклон аймағында болып, соның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжаған еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай