Қазақстанда таяуда күн суытып, бұршақ жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Қазақстанда таяуда күн суытып, бұршақ жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптердің 21-23 мамыр аралығындағы ауа райы болжамына қарағанда, бұл күндері Батыс Сібірден келген циклон өзінің ықпалымен Қазақстан солтүстігінің жарты аймағын қамтиды. Соның әсірінен кей жерлерде қатты дауыл соғып, желдің екпіні секундына 30-32 метрге жетеді.
"Циклон Шығыс Сібірге қарай жылжиды, алайда таяудағы үш тәулікте суық атмосфералық фронттар республикамыздың ауа райына айтарлықтай әсер етеді. Жаңбыр мен кей жерлерде бұршақ жауады, желдің екпіні секундына 20-28 метр болады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстанның барлық аймағында ауа температурасы көпжылдық орташа нормадан 2-5 градусқа төмен болады деген болжам бар. Тек батыс облыстарда ғана жаңбыр тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды.