Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Алматы маңында әуе апаты болған кезде ауа райы ұшуға жайлы болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Алматы маңында әуе апаты болған кезде ауа райы ұшуға жайлы болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алайда ол қара жәшіктің мәліметтерін зерттеу нәтижесін күтуге шақырды.
"Алдын ала себептерін айтуға асықпайық. Мұның техникалық ақауға байланысты не экипаж қателігінен болғаны түсінікті. Авиатордың бірі экипаж қателігінен болуы мүмкін екенін айтады, екіншісі техникалық ақауға сілтеме жасайды. Әзірше күте тұруға шақырамын. Аз уақыт қалды, борт жазбаларын ашып, объектив жағдайды көре аламыз деген ойдамын. Өздеріңіз көргендей, ұшуға жайлы ауа райы болды, жолақтағы іліністе жақсы болған", - деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беру кезінде.
ІІМ басшысы Bek Air әуе апатының үш нұсқасын атады
Осыған дейін Роман Скляр Bek Air әуекомпаниясының әртүрлі деңгейдегі лоббистердің қатысуымен осы жылдар бойы халықаралық рейстерге шығу үшін IOSA сертификатын жоққа шығарғысы келгенін мәлімдеген.