27 қаңтар 2015 | 11:47

Ауа райына байланысты жабылған жолдардың барлығы қайта ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Қазақстанда ауа райына байланысты жабылған жолдардың барлығы қайта ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ауа райына байланысты жабылған жолдардың барлығы қайта ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың 27 қаңтары күні Астана уақыты бойынша сағат 09.00-дегі жағдай бойынша Ақмола, Қызылорда және Павлодар облыстарындағы жол бөліктеріндегі қозғалысқа қойылған шектеулер алып тасталды, сонымен қатар 26 қаңтардан 27 қаңтарға қараған түні Қарағанды облысында аязға байланысты дизельмен жүретін және қоғамдық автокөліктер үшін барлық бағытта қойылған шектеу де алынды.

Сөйтіп, қазір республика бойынша жол қозғалысына қойылған шектеу жоқ.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысында аязға байланысты дизельмен жүретін автомобильдер және қоғамдық автокөліктер үшін жол жүруге шектеу қойылған болатын. Бұл өңірде ауа температурасы 32 градусқа дейін төмендейді деп болжанды. Қарағанды облысында аязға байланысты дизельмен жүретін және қоғамдық автокөліктер үшін Астана бағытындағы жолдың бөлігі жабылды (Екатеринбург - Алматы тас жолының 1275-1353 шақырым аралығы). Алайда синоптиктер Қазақстанда апта соңына қарай аяздың беті қайтады деген болжам жасады. "Алдағы үш күнде Қазақстанда антициклон сақталады, онымен бірге аяз да қайтпайды. Тек 29 қаңтарға таман антициклон бұзылып, Алтайға қарай жылжи бастайды, сол кезде аяз бәсеңсиді", - деп хабарлады синоптиктер.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети