10 қараша 2024 | 13:33

Ауа райына байланысты жабылған тасжолдарда қозғалыс ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстан облыстарындағы тасжолдардың көптеген учаскесінде қозғалыс қайта басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан облыстарындағы тасжолдардың көптеген учаскесінде қозғалыс қайта басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" бүгін таңертең ауа райына байланысты шектеу енгізілген көптеген учаскеде қозғалыс қайта басталғанын хабарлады.

Ақмола облысында сағат 07:00-ден бастап Астана - Ерейментау - Шідерті тасжолының 16-200 шақырым учаскесінде (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін) қозғалыс ашылды. Сағат 08:00-ден бастап Астана - Петропавл тасжолының 18-232 шақырым (Астана-Щучинск учаскесі) учаскесінде қозғалыс ашылды.

Сонымен қатар Ақмола облысында қозғалыс ашылған тасжолдардың учаскелері:

  • Жақсы - Есіл - Бузулук 72-82 шақырым, Ақсай - Бузулук учаскесі;
  • Жезқазған - Петропавл 377-536 шақырым, Қостанай облысының шекарасынан Бузулук кентіне дейін;
  • Жезқазған - Петропавл 536-595 шақырым, Бузулук кентінен СҚО шекарасына дейін.

Сағат 09:00-ден бастап қозғалыс ашық учаскелер:

  • Көкшетау - Рузаевка 40-61 шақырым, Ершовка ауылы учаскесі - СҚО шекарасы;
  • Екатеринбург - Алматы 856-915 шақырым, СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейін.
  • Павлодар облысында Астана - Ерейментау - Шідерті тасжолының учаскесінде 16-200 шақырым (Павлодар облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін) қозғалыс ашылды.

Қостанай облысында сағат 08:00-ден бастап Қостанай - Әулиекөл - Сурған тасжолының 7-232 шақырым учаскесінде (Тобылдан Ақмола облысының шекарасына дейін) қозғалыс ашылды. Сондай-ақ Қостанай - Әулиекөл - Сурған тасжолының 232-260 шақырым (Қостанай облысының шекарасынан Сурған кентіне дейін) учаскесіндегі шектеу алынды.

Сағат 09:00-ден бастап қозғалыс ашылған тасжолдар:

  • Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы 555-729 шақырым (Тобылдан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
  • Жезқазған - Петропавл 252-377 шақырым (Ұлытау облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

Солтүстік Қазақстан облысында шектеу алынған тасжолдар:

  • Көкшетау - Рузаевка 61-196 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін);
  • Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс 0-24 шақырым (Солтүстік Қазақстан облысының шекараларында);
  • Жезқазған - Петропавл 595-706 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Новоишим ауылына дейін);
  • Екатеринбург - Алматы 729-856 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

Сағат 09:00-де Ұлытау облысында Жезқазған - Петропавл учаскесінде 132-252 шақырымындағы қозғалыс ашылды (Ұлытау шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети