Ауа райының қолайсыздығына байланысты алматылықтарға ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты алматылықтарға ескерту жарияланды © pixabay.kz

Алматының құтқарушылары шамадан тыс қар жаууына байланысты қала тұрғындарына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының құтқарушылары шамадан тыс қар жаууына байланысты қала тұрғындарына ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД өкілдері тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін айтады.  
 
"16 ақпанда Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде қардың толассыз жаууына және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Толассыз жауған қардың салдарынан ағаштар құлап жатыр. Тоғыз ағаш құлады, оның екеуі көліктің үстіне құлады. Зардап шеккендер жоқ. Тауға баруға және тік қар баурайларына шығуға болмайды. Абай болыңыздар!" - деп өтінді құтқарушылар. 

Қаланың жоғарғы бөлігінде 15 сантиметр қар, таулы аймақтарда 25 сантиметр қар түскен. Алматыда қазір 597 арнайы техника мен 1668 жол жұмысшылары жұмыс істеп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети