Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 өңірдегі тасжол жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 өңірдегі тасжол жабылды

Қазақстанның сегіз өңіріндегі автожол боранға байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның сегіз өңіріндегі автожол боранға байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚазАвтоЖол" ҰК және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, боран, көрудің нашарлауы) сегіз өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар автожолда барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды: Нұр-Сұлтанда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Министрлік қазақстандықтарды ауа райындағы өзгерісті бақылауға және дауыл туралы хабарламаларды ескеруге, сондай-ақ сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Қысқы сапарға шықпас бұрын:

1. Ауа райын қарау керек.
2. Қандай жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылатынын білу керек.

112 қызметінен дауыл туралы ресми ескерту алған кезде елді мекендерге бармаған және шықпаған жөн.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети