Ауа райының қолайсыздығына байланысты алты өңірде жолдар жабылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты алты өңірде жолдар жабылды Фото: pixabay.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің алты өңірінде жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің алты өңірінде жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазавтожол" ҰК" АҚ мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, бұрқасын) алты өңірде: Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдар жабылды", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, өңірлерде боран, қар, көктайғақ, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

"ТЖМ жедел штабы жол қызметтері, ІІМ, "Қазгидромет" және жергілікті атқарушы органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қойды. Жолдардың жабық учаскелерінде қар жинау техникасы іске қосылып, құтқарушылар мен полицейлер бекеті қойылды. Жылыту пункттері дайындалды.

Дауыл туралы ескерту хабарламаларын елеп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Қысқы кезеңде елді мекендер арасындағы көлік жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын қарау қажет", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети