22 қараша 2018 | 23:01

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанаға баратын үш тасжол жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан шығатын үш тасжолда автокөліктердің барлық түрі үшін жолдар жабылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан шығатын үш тасжолда автокөліктердің барлық түрі үшін жолдар жабылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар аралас жаңбыр, екпінді жел, көктайғақ) 22 қарашада сағат 19:00-ден бастап, "Астана - Қарағанды", "Астана - Қабанбай батыр" және "Астана - Қорғалжын" тасжолдарындағы қозғалыс автокөлік түрлерінің барлығы үшін жабық", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әкімдік сайтында күшті боран және көктайғаққа байланысты қалааралық тасжолдардың жабылғаны да хабарланды. 

"Ауа райының бұзылуына және жолдардың жабылуына байланысты келесі аймақтық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды: № 300, 301, 302, 305, 308, 309, 312, 313, 315, 316, 318", - деп мәлімдеді қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығында.

Бағдарлардың қатынауы қалпына келтірілгендігі жайлы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Еске салайық, 22 қарашада Астанада және 8 облыста жаңбыр жауып, жел күшейетіні хабарланды. 

Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 22 қарашада Астанада тұман, көктайғақ, ал 23-24 қарашада бұрқасын болады. 23-24 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети