Ауа райының қолайсыздығына байланысты бес өңірде ескерту жарияланды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бес өңірде ескерту жарияланды

Еліміздің бес өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің бес өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында 25 қаңтардың кешінен 26 қаңтарға дейін қар жауып, боран соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр болатын жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Петропавлда қар жауып, боран соғады, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Қостанай облысында алдағы тәулікте қар жауып, боран соғады, тұман түседі және желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, көктайғақ болады.

26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын болады, кей жерлерде боран соғады, көктайғақ болады. Жел секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 25 метр соғады.

Синоптиктер Оралда боран соғып, көктайғақ болады деп болжап отыр, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Шығыс Қазақстанда қар қалың жаууы мүмкін. Кей жерлерде боран, жел соғады, жолдарда көктайғақ болады.

Ақмола облысында алдағы екі тәулікте қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. 26 қаңтарда жел секундына 15-20 метр, 27 қаңтарда түнде екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети