Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше қаладағы оқушылар қашықтан оқиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше қаладағы оқушылар қашықтан оқиды © Тұрар Қазанғапов

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан мен солтүстіктегі бірнеше облыс, шығыстағы және Қазақстанның орталығындағы мектептер қашықтан оқу форматына көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан мен солтүстіктегі бірнеше облыс, шығыстағы және Қазақстанның орталығындағы мектептер қашықтан оқу форматына көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының мәліметінше, 14 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-9-сынып аралығындағы бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды.  

Қарағандының Білім басқармасы 14 қаңтардан бастап 0-11-сыныптың бірінші және екінші ауысым оқушыларына мектепте сабақ болмайтынын хабарлады. Оқушылар қашықтан оқуға көшті.   

Қостанайда минус 23 градус аязға байланысты 0-11-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді. 

Өскеменде минус 29 градус, осыған байланысты 0-4-сыныптың бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды. Одан бөлек, Шемонаиха (0-4-сыныптар) және Күршім аудандарының (0-5-сыныптар) бірінші ауысым сыныптары да қашықтан оқуға көшті. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Екібастұзда да 1-4-сыныптың бірінші ауысым білім алушылары қашықтан оқиды. 

Саран және Теміртау қалаларының 1-5, 9, 1 және 12-сынып оқушылары да қашықтан оқу форматына көшті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети