Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш аймағында жол жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш аймағында жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш аймағында жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.


Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш аймағында жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.

Ұлттық компанияның мәліметінше, шектеулер Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарында енгізілген.

"Ақтөбе облысында Т.Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскеде Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай автожолында, атап айтқанда 89-шы километрден 234-ші километрге дейін автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында Екатеринбург - Алматы автожолында, атап айтқанда 1610-1854-ші километр аралығында, Ақсу-Аюлы кентінен Балқашқа дейінгі учаскеде жүк және қоғамдық көлік түріне арналған қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қостанай облысында Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай автожолында, атап айтқанда 234-ші километрден 386-шы километрге дейін, Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка кентіне дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети