Апат орнындағы құтқарушылар. ©REUTERS
2013 жылдың 29 қаңтарында Challenger-200 жолаушылар ұшағының не себепті апатқа ұшырағаны биылғы көктемде белгілі болады. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, оқиғаны тексеру комиссиясының төрағасы Азат Бектұров айтты. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, алдын ала шамалау бойынша әуе апатының себебі адам факторымен байланысты. "Біз осы жорамалға сүйенеміз, бірақ түпкілікті нақты қорытынды көктемде жария етіледі. Біз тексерудің аяқталу кезеңіндеміз, ақпан айында сарапшыларымыз арасында, соның ішінде, кабинада айтылған дауысты, әңгіме ақпараттарын зерттейтін жабдық өндірушілермен тағы бір мәжіліс өткізуді жоспарлап отырмыз. Арамызда кейбір пікірлердің өзгешелігі бар, бірақ маған мұны қорытынды шығару үшін аса қажет нәрсе деп түсіндірді, - деді ол. Осы айда өтетін мәжілісте әуе апатын тексерудің соңғы есебі шығарылады. "Соңғы есеп - Алматыда әуе апатының не себепті болғаны айтылатын құжат. Заң бойынша біз бұл жөнінде тараптарды хабардар етуіміз керек. Оны қарастыруға 60 күн қажет болады", - дейді Бектұров. Еске салайық, былтырғы 29 қаңтарда SCAT әуе компаниясының Challenger-200 ұшағы Алматы әуежайына қонар мезгілде Қызылту елді мекені аумағына құлаған еді. Көкшетаудан шыққан ұшақтағы 16 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі түгел опат болды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп екені айтылды.
2013 жылдың 29 қаңтарында Challenger-200 жолаушылар ұшағының не себепті апатқа ұшырағаны биылғы көктемде белгілі болады. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, оқиғаны тексеру комиссиясының төрағасы Азат Бектұров айтты.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, алдын ала шамалау бойынша әуе апатының себебі адам факторымен байланысты. "Біз осы жорамалға сүйенеміз, бірақ түпкілікті нақты қорытынды көктемде жария етіледі. Біз тексерудің аяқталу кезеңіндеміз, ақпан айында сарапшыларымыз арасында, соның ішінде, кабинада айтылған дауысты, әңгіме ақпараттарын зерттейтін жабдық өндірушілермен тағы бір мәжіліс өткізуді жоспарлап отырмыз. Арамызда кейбір пікірлердің өзгешелігі бар, бірақ маған мұны қорытынды шығару үшін аса қажет нәрсе деп түсіндірді, - деді ол.
Осы айда өтетін мәжілісте әуе апатын тексерудің соңғы есебі шығарылады. "Соңғы есеп - Алматыда әуе апатының не себепті болғаны айтылатын құжат. Заң бойынша біз бұл жөнінде тараптарды хабардар етуіміз керек. Оны қарастыруға 60 күн қажет болады", - дейді Бектұров.
Еске салайық, былтырғы 29 қаңтарда SCAT әуе компаниясының Challenger-200 ұшағы Алматы әуежайына қонар мезгілде Қызылту елді мекені аумағына құлаған еді. Көкшетаудан шыққан ұшақтағы 16 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі түгел опат болды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп екені айтылды.