17 тамыз 2021 | 09:48

Ауғанстан билігі ауысуынан Қазақстанға қандай қауіп бар?

Ауғанстандағы тәліптер © Reuters

Ауғанстанда билік ауысуы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін? Бұл туралы қазақстандық саясаттанушылар айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстанда билік ауысуы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін? Бұл туралы қазақстандық саясаттанушылар айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азиялық зерттеулер институтының директоры, "Ауғанстан тарихы" кітабының авторы Сұлтан Әкімбеков Қазақстанға Ауғанстаннан келер тікелей қауіп жоқ деп есептейді.

"Ауғанстанда кезекті эксперимент сәтсіз аяқталды, бұл жолы оны АҚШ жасамақ болды. Енді онда "Талибат" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) ұсынған архаикалыққа жақын қоғам моделін құруға талпысын болады. Бізде мұнда тікелей қауіп жоқ. Тәліптер Ауғанстаннан тыс жерге шығуға ниеті жоғын талай мәлімдеген. Сонымен қатар, олармен көптеген ел келіссөз жүргізіп үлгерді: Қытай, АҚШ, Ресей, Иран. Сондықтан де-факто ықтимал серіктес ретінде мойындап отыр. Сондықтан олардың тарапынан агрессия күтудің қажеті жоқ. Бірақ біздің шекарамыздан қиыр жерде архаикалыққа жақын ережелері бар мемлекет болатынынан еш жақсылық көріп тұрғаным жоқ. Бірақ барлық көршіміз "Талибаннан" қауіптенуіне байланысты Ауғанстанмен байланыс барынша аз болады. Бәрі саудаласады, бірақ адамдардың қоныс аударуына қарсы болады. Бұл ең жабық шекаралардың бірі болады. Бірақ қаншалықты ұзақ жабық болатыны өз алдына бір мәселе", - дейді Әкімбеков.

Реклама
Реклама

Тағы бір қазақстандық саясаттанушы Ерлан Саиров Ауғанстанда билікті басып алудан Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға бірнеше қауіп-қатер пайда болды деп есептейді.

"Ең басты қауіп - босқындар. Тәліптердің ойын ережесін қабылдамағандар көшуге мәжбүр болады, олар Тәжікстан мен Өзбекстан арқылы Қазақстанға да келуі мүмкін. Босқындарды қабылдау - шығыны көп іс. Ірі ассигнация қажет болады. Босқындармен бірге Қазақстанға діни экстремизм өкілдері де кіріп кетуі мүмкін, олар Орталық Азия мен Қазақстан халқына заңды бұзбай-ақ идеологиясын жүргізіп отыруы мүмкін. Ауғанстан әмірлікке өтетін болса, біраз уақыттан кейін Орталық Азия елдеріне қарсы әскери экспансия қаупі пайда болуы мүмкін", - деп атап өтті Саиров.

Саясаттанушы қазақстандықтар мен Қазақстан билігі мұндай жағдайларға дайын болуы керегін айтады.

"Экспансия мен экстремизм идеологиясына жол бермеу үшін механизмдер жасауымыз қажет. Орталық Азия елдері мен Қазақстанда исламға және оның іргелі бөлігіне құштар адамдар тобы барын білеміз, сондықтан идеологиялық күреске дайын болуымыз керек. Тәліптер біздің елдерге қарсы идеологиялық күрес жүргізеді. Яғни біз бүгінге дейін қауіптің үш аспектін көріп отырмыз. Босқындар, идеологиялық фундаментализм, әскери экспансия қаупі. Бүгінде мемлекеттік органдар азаматтық қоғаммен бірге бұл қауіпке тойтарыс беретіндей дайын болуы шарт. Азаматтық қоғам қолдауынсыз бірде-бір қадам тиімді бола алмайтынын айту керек. Сондықтан азаматтық қоғам, билік және элита бірігуі қажет. Біз ХХІ ғасырда ислам фундаментализмі жолында болу қаупін бақылап отырмыз", - дейді сарапшы.

Саясаттанушы тәліптер қалайша Ауғанстан билігін тез арада басып алғанын да түсіндірді.

"Бұл сыртқы көзге ғана жылдам өткендей болды, шын мәнінде екі-үш жыл бойында тәліптер мен мүдделі елдер арасында келіссөз жүрді, оның ішінде АҚШ, Ресей, Еуроодақ және Қытаймен. Тәліптер өте жылдам, бір айда билікті жаулап алуы бұл келіссөздер белгілі бір келісіммен аяқталғанын білдіреді.

Қуғындалған президент аман-есен қашып кетті. Сол уақытта тәліптер түрлі дереккөз арқылы белгілі бір режим сақталатынына кепіл беретінін мәлімдеп отыр. Қыздарды мектептерде, университеттерде оқытамыз дейді. Тәліптер коалициялық билік құруға мүдделі-мыс. Тәліптер ақпараттық технологиялар мен қоғамдық пікірді өңдеуді үйреніп алғанын да атап өту керек", - деді ол.

Ал мұның алдында Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили тәліптер мұнымен тоқтап қалмайтынын мәлімдеген еді. Ал қазақстандық саясаттанушы Марат Шибутовтың айтуынша, белгілі бір бағыттарда тату болуымызға тура келеді, олай болмаса бізге әсте ұнай қоймайтын жағдай орнауы мүмкін. 

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ауғанстаннан босқындарды қабылдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты. 

Қазақстан Ауғанстаннан келетін студенттерге қандай қолдау көрсете алады?

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты кеңес өткізген болатын. Бірінші күні Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді тапсырғанын айтты. Ал екінші күні Президент бейінді ведомстволарға Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауды жалғастыруды тапсырды, бұл осы елмен кейінгі ынтымақтастыққа қатысты шешімдер қабылдау үшін аса маңызды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная