16 тамыз 2021 16:11

Кабулда ұшып бара жатқан ұшақтан адамдар құлады - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында әуедегі ұшақтан құлаған адамдардың видеосы тарап жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, видео Кабулда түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында әуедегі ұшақтан құлаған адамдардың видеосы тарап жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, видео Кабулда түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Видеодан ұшақтан адамдар қалай құлап жатқанын көруге болады. Жергілікті БАҚ бұл Кабулдан кеткісі келетін адамдар болуы мүмкін деп болжайды.

"Видео әлеуметтік желілерде тарала бастады. Онда екі адам ұшақта жасырынып, ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң жерге құлағаны түсірілген", - деп жазады жергілікті Shamshad News телеарнасы видео жариялап.

Бұған дейін Қауіпсіздік Күштеріндегі дереккөз РИА Новостиге АҚШ әскери күштері Кабул әуежайында ауғандарға оқ жаудырғаннан кейін бірнеше адам қаза болғанын жеткізген. Өз кезегінде Франс Пресс агенттігі куәгерге сілтеме жасай отырып, АҚШ әскери күштері Ауғанстан астанасының әуежайында көп адам ұшу-қону жолағына шыққан кезде ескерту үшін оқ жаудырғанын хабарлады.

Айта кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алғаны хабарланған болатын. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Кейінірек Талибан өкілі елдегі соғыс аяқталғанын жариялады.

Кейін Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Өз кезегінде бұқаралық ақпарат құралдары Ашраф Ғани жұбайы Рула және екі кеңесшісімен Өзбекстанға ұшып кеткенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети