10 қыркүйек 2021 | 14:25

Ауғанстаннан этникалық қазақтар келіп жатқан сәттің видеосы жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан алынған кадр видеодан алынған кадр

Ауғанстаннан қандастарды елге жеткізген арнайы борттың Алматыға келгендегі видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстаннан қандастарды елге жеткізген арнайы борттың Алматыға келгендегі видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы 9 қыркүйекте Кабулдан Алматы қаласының әуежайына қонды. Бортта 41 жолаушы болған. Олардың ішінде Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған бар. Келген жолаушылар уақытша оқшауланады.

Келген қандастардың бірі Қазақстан Президентіне, Ауғанстандағы елшілікке тарихи отанына оралуға көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Мен тарихи отаныма оралғаныма қуаныштымын. Әйелім паспорты жоқ болғандықтан келе алмады. Біз анам, екі інім және үш қарындасым алтаумыз ұшып келдік. Елшілікке барып, қазақ екенімізді айттым. Біз 100 жыл бұрын көшіп кеткен Тахар қаласынан келдік. Бізді комиссияға шақырды, тексерді, сұрақтар қойды. Олар менің қай рудан екенімді сұрады, Қазақстанда туыстарым бар ма деп сұрады. Біз барлық сұраққа жауап бердік. Менің руым - қожа, біздің ұлтымыз - қазақ. Кейін біз қажетті құжаттарды дайындап, оларды елшілікке тапсырдық. Қазақстан Үкіметі мен Президентіне алғыс айтамын", - деді келген қандастардың бірі Хасан Дерман.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұған дейін эвакуациялық рейсті ұйымдастыру "Талибан" қозғалысымен бірігіп жүзеге асырылғанын (Қазақстанда тыйым салынған) айтқан болатын.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстанмен байланыс орнатуға дайын екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети