ПОДЕЛИТЬСЯ
18 тамыз 2021 | 18:23
Ауғанстаннан кеткісі келгендер өзін қазақпын деп таныстырып жатыр - СІМ
Қазақстанның Кабулдағы елшілігіне этникалық қазақтар өтініш білдіреді, бірақ олар бұған дәлел келтіре алмайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Кабулдағы елшілігіне этникалық қазақтар өтініш білдіреді, бірақ олар бұған дәлел келтіре алмайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз және Ауғанстандағы қазақтармен тұрақты байланыстамыз. Кейінгі күндері Қазақстан елшілігіне өзін қазақпын деп таныстыратын түрлі азаматтар тобының жүгіну жағдайлары жиілеп кетті. Бірақ іс жүзінде олар ешқандай дәлел келтіре алмайды. Олардың кейбіреуі қазақ тілінде сөйлемейді және ата-бабаларының Ауғанстан аумағына қоныс аудару тарихы мен ру-тайпалық байланыстары туралы айта алмайды", - дейді Смадияров.
Ол арыздардың дұрыстығын елшілік жанындағы арнайы комиссия қарайтынын айтты. Ресми деректер бойынша, Ауғанстанда этникалық қазақтардың 15 отбасы - 200-ге жуық адам тұрады, алайда Смадияров елдің шалғай аудандарында ата-бабалары 19 ғасырда елге қоныс аударған этникалық қазақтар өмір сүре алатынын жоққа шығармайды.
Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады
Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ауғанстаннан босқындарды қабылдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты.
Қазақстан Ауғанстаннан келетін студенттерге қандай қолдау көрсете алады?
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты кеңес өткізген болатын. Бірінші күні Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді тапсырғанын айтты. Ал екінші күні Президент бейінді ведомстволарға Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауды жалғастыруды тапсырды, бұл осы елмен кейінгі ынтымақтастыққа қатысты шешімдер қабылдау үшін аса маңызды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также