14 наурыз 2024 | 11:33

Ауқымды тексеру: Қазақстанда көліктерді тіркеу жүйесі өзгертіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Көліктерді елге заңсыз әкелудің төрт схемасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Көліктерді елге заңсыз әкелудің төрт схемасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Елдің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында төлемдердің дұрыс жүргізілгенін тексеру мақсатында жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру жүргізіліп жатқаны айтылды.

"ҚМА бастамасымен алдын алу жұмыстары аясында агенттік, Цифрлық даму министрлігі және "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Тараптар жүк көліктері мен автобустарды есепке заңсыз қою жағдайларының жиілеп кету фактілерінің алдын алу шараларын талқылады. Кездесу барысында бүгінде алаяқтар қолданған 4 негізгі схема анықталғаны атап өтілді", - делінген хабарламада.

ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мұндай кездесулер алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға қарсы тұрудың бірлескен тетіктерін әзірлеу мақсатында өткізіліп жатқанын айтты.

"Қылмыстық жауапкершілік шаралары ғана мәселені шеше алмайды. Болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық мүдделі тараптарды тыңдау қажет. Біздің басты міндетіміз – алдын алу шараларын жүргізу", - деді Бижанов.

Цифрландыру вице-министрі Асқар Жанбакин өз кезегінде ақпараттық жүйелердің толық интеграциясы жүргізілгенін хабарлады, бұл VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректерді автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік береді. Жүйені жаңарту ХҚКО қызметкерлерінің автокөлік туралы деректерді "қолмен" енгізудің жолын кеседі.

Атап айтқанда, 2023 жылдың тамызынан бастап ҚМА 23 қылмыстық іс тіркеген, аталған істер бойынша 3 мыңға жуық автокөлік қаралып жатыр. Мемлекетке келтірілген залал 14 миллиард теңгеден асқан.

Тараптар осындай құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың өзекті тетіктерін әзірлеу үшін осы бағытта одан әрі бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаласты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети