Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әулие Валентин Күніне" қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әулие Валентин Күніне" қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тоқаев бұл туралы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Әулие Валентин Күні" Батыстан келген, еліміздің болмысына және салт-дәстүріне мүлдем қарсы болып тұрған ұғым. Жастарымыз оны түсіну керек", - деп жазды Сенат төрағасы.
"Әулие Валентин Күні" Батыстан келген, еліміздің болмысына және салт-дәстүріне мүлдем қарсы болып тұрған ұғым. Жастарымыз оны түсіну керек.
— Kassym-JomartTokayev (@TokayevKZ) 14 февраля 2017 г.
Айта кетейік, 14 ақпанда әлемнің көптеген елдерінде ғашықтарға орайластырып тойланатын мереке.
Деректерде "Әулие Валентин күнін" Батыс Еуропа ХІІІ ғасырдан бері, АҚШ 1777 жылдан бастап мерекелеуде. Оның Қазақстанға және басқа да ТМД келген кезі - тоқсаныншы жылдардың басы. Христиан діндарларының аңыздарында үш Валентин туралы айтылады. Біріншісі - Рим императоры Юлий Клавдийдің сарбаздардың үйленуіне тыйым салған заңын бұзып, некелескені үшін өлім жазасына бұйырылған адам. Ал осы оқиғадан 200 жыл өткеннен кейін екінші император Геласиустің шешімімен "Әулие Валентин" күні мерекеленген. Екінші бір діни аңызда Валентиннің дін қызметкері екендігі, христиандарға көмектескені үшін түрмеге қамалғаны, осында жатып оның түрме қызметкеріне ғашық болғаны, оның жазаға тартылып, басының шабылғандығы айтылады. Ал енді үшінші Валентин ешкімге ғашық болмаған. Христиан дінінің қызметкері болған оның не үшін жазаланғаны белгісіз. Тек ол өлім жазасына кесілгеннен кейін "Әулие" деп жарияланған.
Ал Қазақстанда Ғашықтар күні 15 сәуірде.