Нұр-Сұлтанда жүкті әйелді медициналық сақтандыру бойынша қарызы болғандықтан ауруханаға жатқызудан бас тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда жүкті әйелді медициналық сақтандыру бойынша қарызы болғандықтан ауруханаға жатқызудан бас тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Жүктілік мерзімінің 8-аптасында әйелдің жағдайы нашарлап, қызуы көтерілген. Бала құрсағында қайтыс болғаны анықталған. Қалалық аурухана оны қабылдаудан бас тартқан. Дәрігерлер медициналық сақтандыру бойынша есепшоты төленбегенін айтқан.
"Олар мені қабылдамауға құқылы екенін айтты. Себебі құрсағымдағы өлі сәбимен екі айға дейін жүруге болады екен. Кейін жеке клиникадағы таныс дәрігердің көмегіне жүгінуіме тура келді. Оларға мұны айту оңай. Ал мен үшін бұл - баламның өлімі", - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласының Оксана есімді тұрғыны.
Қалалық аурухана дәрігері науқасты медициналық сақтандырусыз қабылдауға құқығы жоғын түсіндірді. Егер әйел ауырып қалса, онда ол жедел жәрдемге жүгінуі керек.
"Жүйеден тексергенімізде оның медициналық сақтандыруы болған жоқ. Жағдайы нашарласа ол бірден жедел жәрдем шақыруы керек", - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы №2 көпбейінді ауруханасының гинеколог-дәрігері.
Репродуктивті медицина қауымдастығының басшысы Вячеслав Локшиннің айтуынша, жүкті әйел құрсағындағы өлі баламен он күннен екі айға дейін жүре алады. Осы уақыт ішінде сақтандыру бойынша қарызын төлеуге болады. Егер оның өміріне қауіп төнбесе, дәрігерлер оны медициналық сақтандырусыз ауруханаға жатқызудан бас тартуға құқылы.
Медициналық сақтандыру қоры осы жағдайдан кейін ауруханада тексеру жүргізген. Мамандар дәрігерлер іс-әрекетінен қате анықталмағанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!