01 тамыз 2016 | 13:19

Ауруханада көз жұмған екі полицейдің отбасына қосымша 10 миллион теңгеден беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© diapazon.kz © diapazon.kz

Ауруханада көз жұмған екі полицейдің отбасына қосымша 10 миллион теңгеден беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ауруханада көз жұмған екі полицейдің отбасына қосымша 10 миллион теңгеден беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматыда аураханада қайтыс болған полиция аға сержанты Серік Әбілдаев пен лейтенант Мейрамбек Рахматуллаевтың отбасы мемлекет тарапынан материалдық көмек ретінде қосымша 10 миллион теңгеден алады. Осыған дейін оларға 5 миллион теңгеден берілген болатын", - делінген полиция хабарламасында. 


Қаза болған Серік Әбілдаев пен Мейрамбек Рахматуллаев. © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Олар - полиция сержанты Әбілдаев Серік Еркенұлы, 1973 жылғы, Алматы қалалық ІІД Жергілік полиция қызметінің жол-патрульдік полкінің полицейі, ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет еткен. Қызмет кезеңіде "Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін" 1,2,3 дәрежелі медальдарымен марапатталды, "Қазақстан полициясына 20 жыл" төсбелгісімен және ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ІІД грамоталарымен марапатталған. Үйленген, артында үш қызы қалды; полиция лейтенанты Рахматуллаев Мейрамбек Нуридиллаұлы, 1992 жылғы, Алмалы аудандық ІІБ учаскелік инспекторы, ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет еткен. Қызмет барысында ҚР ІІМ және Алматы қалалық ІІД алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған. Үйленген.

Еске салайық, бүгін ІІД өкілдері Алматыдағы терактіден жарақат алған тағы екі полицейдің қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Алматы қаласының жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде Күлекбаевтың заңға қайшы әрекеттеріне қарсылық көрсету кезінде жарақат алған екі полиция қызметкері қайтыс болды. Дәрігерлер олардың өмірі үшін соңына дейін күресті. Өкінішке қарай, жарақаттары ауыр болды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

18 шілдеде Алматыда болған терактіден осыған дейін үш полицей қаза тапқан еді. Олар Нұрмаханбетов Бауыржан Мәлікұлы, Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы, Ғалиев Аян Ерболғанұлы. Кейін тағы бір полицей Тимур Бегасылов ауруханада көз жұмған болатын. 

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан алты адам, оның ішінде төрт полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды, ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети