Ауруханада орын жетпейтінін мәлімдеген оралдық басшы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауруханада орын жетпейтінін мәлімдеген оралдық басшы қызметінен кетті

Оралда облыстық инфекциялық аурухананың директоры аймақтағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюповпен жанжалдасқаны туралы мәлімдеді. Аурухана басшысы жұмыстан шығу туралы өтініш жазған және оған ол қойылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда облыстық инфекциялық аурухананың директоры аймақтағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюповпен жанжалдасқаны туралы мәлімдеді. Аурухана басшысы жұмыстан шығу туралы өтініш жазған және оған ол қойылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, мекеме директоры аймақта COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеудегі жүйелі проблемалар туралы айтқан болатын. Надия Ахметова мамырдан бері ауруханада орын жетпейтінін мәлімдеген еді. Оның үстіне жағдайы ауыр науқастар көбейген.

"Біз коронавируспен күреске дайындалдық, бірақ эпидемия дәл осылай қинайды деп күтпедік. Жағдайы ауыр науқастар көбейген соң оларға жұмсалатын шығын да ұлғайды. Жаңа шешімдер қабылдау керек. Мұндай науқастар үшін стационарлар болуы керек. Біз бұл сұрақты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюповке айттық, бірақ ол шешпеді. Дәрегерлер мен медбикелер үш айдан бері үздіксіз жұмыс істеп жатыр, олар физикалық және психологиялық тұрғыдан шаршады. Менің өзім оқшауланып отырмын, себебі терапевт болып істейтін 31 жастағы қызым коронавирус жұқтырды", - деді Ахметова.

Болатбек Қаюпов мекеме директоры жұмыстан кету туралы өтінішін ай бұрын жазғанын атап өтті. Бірақ ол кезде қол қоймаған. Екінші рет мақұлдаған.

"Үнемі стресте жүріп жұмыс істей қиын. Ахметовамен жанжалдаспадық, мен оны жақсы түсінемін. Шаршады. Қазір орнына адам іздеп жатырмыз", - деді ол.

Сондай-ақ Қаюпов инфекциялық ауруханада орын толғанын мойындады және қалалық көпбейінді ауруханада 220 қосымша орын болатынын айтты.

"Кеше жұқтырғандар өте көп болды. Симптомсыз 57 адам және симптоммен 21 науқас анықталды. Ауруханада 130-дан астам адам ауырлықтың орташа деңгейінде және 18 науқастың жағдайы ауыр", - деді Қаюпов.

Айта кетейік, БҚО-да коронавирус жұқтырып қайтыс болған науқастардың саны алтыға жетті. Пандемия басталғалы бері мыңнан аса адам жұқтырған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети