Ауруханадан 42 миллион теңге жымқырған есепші 1,5 жылдан кейін ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауруханадан 42 миллион теңге жымқырған есепші 1,5 жылдан кейін ұсталды pixabay.com

Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерден қомақты қаржы жымқырған бухгалгер-кассир 1,5 жылдан кейін ұсталды. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерден қомақты қаржы жымқырған бухгалгер-кассир 1,5 жылдан кейін ұсталды. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетау қалалық прокуратураның мәліметінше, ол 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап 2021 жылдың шілде айының аралығында туберкулезге қарсы диспансерде бухгалтер-кассир болып жұмыс істеп жүріп, есеп айырысу шотынан шамамен 42 млн теңге сомасында аурухананың ақшасын жымқырған. Белгілі болғандай, есепші өзге адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдаланған және қомақты қаржыны жымқырған соң белгісіз бағытта жасырынған.

2021 жылдың шілде айында осы факті бойынша (ҚК 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, оған іздеу жарияланған болатын.

Биыл 24 сәуірде бір жарым жылдан астам уақыттан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Ол Павлодарда жасырынып жүрген.

Күдікті тергеу кезінде өз кінәсін толық мойындаған. Көкшетау қаласының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі сотқа жіберді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети