16 қаңтар 2022 | 12:21

"Ауруханадан шықпай, 4 күн жұмыс істедік". Дәрігерлер Алматыдағы тәртіпсіздіктер туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы жедел жәрдем ауруханасының қызметкерлері тәртіпсіздіктер басталғанда қалай жұмыс істегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы жедел жәрдем ауруханасының қызметкерлері тәртіпсіздіктер басталғанда қалай жұмыс істегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бастапқыда бәрі тыныш болды, түнгі 12-ге дейін жедел жәрдем үш науқасты алып келді, оларды тексеріп, амбулаториялық ем алуға жібердік. Бірақ түнгі сағат бірге қарай жағдай өзгерді. Жедел жәрдем жараланған әскери қызметшілерді әкеле бастады, сарбаздар жарылғыш заттардан зардап шеккен, оқ жарақатын алған әріптестерін алып келді. Мен сол түні ауруханада жауапты дәрігер болдым.

Аурухана басшылығы алдын ала медициналық көмек бригадасын күшейту туралы шешім қабылдады, құрамында травматолог, хирург, нейрохирург, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер және басқа да мамандар бар бес-алты бригада дайындалды. Қосымша жеңіл жараланғандарды таңу кабинеттері ашылып, сол түні кезекшілікте болған барлық дәрігер жұмылдырылды.

Аурухана басшылығымен таңертеңге дейін тоқтаусыз жұмыс істедік, келген науқастарды бөлу ерекше маңызға ие болды. Осылайша, қызметкерлер жұмысында дүрбелең туғызбауға мүмкіндік болды. Таңертеңгі сағат 7-ге қарай, науқастар азайды.

Егер бұл қорқынышты болды ма десеңіз, жоқ. Өйткені мамандығымыз - мұқтаж адамдарға көмектесу. Көшеде жарылыстар, атыс естілді, біз қорыққан жалғыз нәрсе - ауруханаға шабуыл жасау", - деді ол.

Қабылдау бөлімінің жауапты травматологы Ақан Басымбековтің айтуынша, Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде аурухананың қабылдау бөліміне оқ тиіп, түрлі жарақат алғандар түскен.

"Біз дайын болдық, бригадалар жұмыс істеді, шұғыл білікті көмек көрсетілді. Ауыр жарақат алғандар шұғыл түрде операциялық блокқа, травматология, хирургия, урология, орташа ауырлықтағы операциялық емдеуге жіберілді, пациенттер бөлімшелерге жатқызылды, жеңіл жарақат алғандарды қарап, таңып, амбулаториялық ем алуға үйге жібердік.

Көп қызметкер қаладағы төтенше жағдайға қарамастан жұмыс орнына жетті. Мен Талғарда тұрамын, жұмысқа келу проблемасы туындады, 5-і күні мен ауруханаға жете алмадым. Бірақ 6 қаңтарда таңертең ерте келдім", - деді Басымбеков.

Ота бөлімінің аға медбикесі Ғалия Алмабаева негізінен әскери қызметшілер түскенін айтты. 

"Ұлым әскери қызметші, жараланған жастарды көру өте қорқынышты болды. Басқалар сияқты: біреудің ағасы, біреудің күйеуі бар. Бәрі уайымдады. 

Кім болса да - тұрғын немесе әскери қызметші - ел азаматтары. Тіптен жас балалар түсті. Олардың саны артқан сайын көз жасымызды тыя алмадық.

Тоқтаусыз 9 ота бөлмесі жұмыс істеді. Біз, әрине, төтенше жағдайларға дайын болдық, жедел әрекет етуге үйренгенбіз, бірақ мұндай жағдайға моральдық тұрғыдан қалай дайындалуға болады?!

Бізде нақты ақпарат болған жоқ, бірақ ауруханалардың бірін басып алды дегенді естігенде, біздің ауруханаға да адамдар жиналады деп қорықтық. 7 қаңтарға қараған түн жағдай қорқынышты болды, біз ота үстелінде тұрғанда, бүлікшілер тобы ауруханаға жақындап қалғаны айтылды.

Бірақ бәріміз өз міндетімізді орындадық. Барлық дәрігер мен медбике аурухана басшылығымен бірге, қаншалықты қорқынышты болса да, тоқтамай жұмыс істеді. Ауруханадан шықпай жұмыс істедік. Тіпті тамақты да ойламадық, бұл жағдайда оны қалай ойлаймыз?! Осылайша, төрт күн, 9 қаңтарға дейін жұмыс істедік. 9-ында үйге қайттық", - деді ол.

Сонымен қатар, дәрігерлер қабылдау бөлмесі мен операциялық блоктың фотосуреттерін бөлісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети