Ауруханаға вакцина алғандар 20 есе аз түседі - Бекшин

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауруханаға вакцина алғандар 20 есе аз түседі - Бекшин Фото ©REUTERS

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин ауруханаға вакцина алғандар 20 есе аз түсетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин ауруханаға вакцина алғандар 20 есе аз түсетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Алматының бас санитария дәрігері ауырғандар санының азаюына және карантин  шараларының әлсіреуіне қарамастан, қала тұрғындарынан демалатын жерлерге бармауды сұрады.

"Қала әлі де "қызыл" аймақта. Біздің міндетіміз - шектеу шараларына бағынып ауру жұқтыру санын азайту", - деді Алматының бас санитария дәрігері.

Қазіргі уақытта күн сайын коронавирусқа қарсы шамамен 3 мың адам вакцина алады. Бас санитария дәрігер қала тұрғындарының алдында вакцина алғандардың санын 75 пайызға және одан да көпке тезірек жеткізу міндеті тұрғанын айтты.

"Тұрғындардан күмәндануды тоқтатуды сұраймын. Вирус жұқтыру қаншалықты қиын екенін көрдіңіз. Біз реанимациядағы адамдардың қандай күйде, қалай азап шегіп жатқандарын көрсеттік. Әсіресе егде жастағы адамдарға тезірек вакцина алуды сұраймын, өйткені өлім-жітім 65 жастан асқан адамдар арасында көп. Тек вакцина ауруды жеңілдетуге көмектеседі", - деді Бекшин.

Бекшин вакцина аурудан 100 пайыз қорғамайтынын да айтты. Вакцина жаңа "дельта"  штамынан 80 пайыз қорғайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети